пятница, 30 января 2015 г.

Қарақұмықтан пайдалы таңғы ас


Қарақұмықты пісірмей жеуге болатындығын білесіз бе?) 


Өте пайдалы, дәмді таңғы ас. Еш зияндығы жоқ деуге болады. Қйткені құрамында, қант та, тұз да жоқ. Көп уақытыңызды да талап етпейді. Пеште піскен қызылшамен жеген өте дәмді.

Құрамы (1 адамға):

  • Қарақұмық - 1 ас қасық,
  • Айран - 1 кесе, 
  • Піскен қызылшы немесе алма,
  • Мейіз.

Жасалуы:

  1. Қарақұмықты жатар алдында айранмен араластырып, бетін жауып қойып қоямыз.
  2. Бірнеше қызылшаны алдын ала пісіріп қоюға болады. Ол үшін қызылшаны жуып, құрғатып, сыртын пышақпен бірнеше жерден тескілеп, фольгаға орап 160°С-та 1-2 сағат пісіреміз (көлеміне қарай). Піскенін фольганы ашып, шанышқыны шаншып көресіз. Піскеннен кейін де бірден пештен шығаруға асықпаңыз. Суығанша тура берсін. Суға пісіргенге қарағанда, осы әдіспен пісірсеңіз қызылшаның барлық дәрумендері және тәтті дәмі өзінде қалады.
  3. Екінші күні кеседегі қарақұмықты араластырып, үстіне туралған қызылша немесе алма және мейіз қосып ұсынасыз.

Ас болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий