пятница, 30 января 2015 г.

Үрмебұршақ салаты


Нағыз қыстыгүні жейтін салат. Өзі тойымды, құнарлы, әрі дәрумендерге толы. Оған қоса мойенезсіз.


Құрамы:


  • Үрмебұршақ - 1 кесе,
  • Сәбіз - 2 дана, 
  • Пияз - 2 дана,
  • Сарымсақ - 2 түйір,
  • Өсімдік майы - 2-3 ас қасық,
  • Нан - 3-4 тілім,
  • Тұз, қызыл бұрыш.

Жасалуы:


  1. Үрмебұршықты бірнеше сағатқа (5-10 сағатқа дейін) суық суға жібітіп қоямыз. Неғұрлым суда көбірек тұрса, соғұрлым тезірек піседі.
  2. Бұршақ жібігеннен кейін, тұзды суда 30-40 минут пірісеміз. Қатты езіліп кетпеуін жіне қатты болып кетпеуін қадағалау керек.
  3. Табаға майды құйып, қыздырамыз. Туралған пиязды, үккіштен өткізілген сәбізді майға 5 минуттай қуырамыз. Тұз, бұрыш саламыз. Сәбіз піскеннен кейін отты өшіреміз. Суығаннан кейін ұсақталған сарымсақты саламыз.
  4. Нанды шақпақтарға кесіп, 180°С-та қызып тұрған пеште 5-10 минуттай кептіреміз.
  5. Енді піскен бұршақ пен сәбізді араластырамыз, ыдысқа салып, үстіне кепкен нан сеуіп ұсынамыз.


Ас болсын!



Оқи отырыңыз:

Үлпершек
Жүгері және гүлді орамжапырақ қосылған дәруменді салат
Жаңғақты панировкадағы ешкі ірімшігі

Комментариев нет:

Отправить комментарий