пятница, 30 января 2015 г.

Ақсерке балығынан стейк


Жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде өте дәмді, әрі пайдалы тағам жасауға болады, ол ақсерке балығынан стейк (бешамель тұздығымен). Оған қоса бұндай тағам мейрамхананың ешбір асынан кем түспейді.

Құрамы (екі адамға): 

  • Ақсерке балығы (стейк) - 2 дана,
  • Өсімдік майы - 2 ас қасық,

Бешамель тұздығына:
  • Сары май - 2 шай қасық,
  • Ұн - 2 шай қасық,
  • Сүт - 200 мл, 
  • Тұз, бұрыш, үгітілген мускат жаңғағы.
  • Черри қызанақтары - 200 гр.,
  • Лимон - 1 дана.

Жасалу жолы:

1. Ақсерке балығына тұз/бұрыш сеуіп қоямыз. Дәмдеуіштер сіңгенше, бешамель тұздығын жасаймыз.
2. 2 шай қасық сары майға 2 шай қасық ұн қосып, орташа отта қуырамыз. 2-3 мунаттан кейін 200 мл сүт құямыз, тұз/үгітілген мускат жаңғағын саламыз. Біркелкі қоймалжың массаға айналғанша үнемі араластырып тұрямыз. Қайнағаннан кейін отты өшіреміз. Тым қою десеңіз, аздап сүт құйып отыруға болады. 

3. Табаны қатты қыздырамыз, балықтың екі жағына өсімдік майын жағамыз. Табаны майламаймыз. Майланған балықты қызып тұрған табаға қуырамыз. 



Әр жағын 3-4 минуттан қуырып аламыз. Асты күйіп кетпеуін қадағалауды ұмытпаңыз. 

4.Балықты бешамель тұздығымен және көкөнінестермен ұсынамыз. 



Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Теңіз өнімдері қосылған паста
Песто тұздығы
Екі қияр салаты

Комментариев нет:

Отправить комментарий