четверг, 8 января 2015 г.

Бананды нан/Banana bread



АҚШ-та және Австралияда көп таралған тәтті пісірме түрлерінің бірі - бананды нан. Аты айтып тұрғандай, ең басты құрамдас бөлігі банан. Банан неғұрлым езіліп, жұмсарып тұрса, бананды нан соғұрлым тәтті болады. Бірақ, нан дегенмен, көбірек кекске ұқсайды.  

Құрамы:

  • Банан - 3-4 дана,
  • Қоңыр немесе ақ қант - 1/2 стақан,
  • Сары май - 100 гр.,
  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Ұн - 250 гр.,
  • Қамыр қопсытқыш - 1 шай қасық,
  • Тұз - 1/4 шай қасық,
  • Грек жаңғағы - 1 стақан.

Жасалу жолы:

Бананды вилкамен езіп, қантпен араластырамыз.
Сары майды ерітіп, бананды қоспаға қосамыз, үстіне жұмыртқа қосамыз.
Формаға май жағып, ұн себеміз. Пешті 170°С-та қыздырып қоямыз.
Ұнға қопсытқышты және тұзды қосып, елейміз. Бананды қоспаға араластырамыз.
Ұн біркелкі араласқаннан кейін грек жаңғағын саламыз.
Қамырды қалыпқа құйып, қызған пешке 45-50 минутқа қоямыз. 

Піскенін бамбук/ағаш таяқшаны тығып тексереміз. Таяқшамыз құрғақ шықса, кексіміз дайын. Сәл суығаннан кейін, кекс дастарханға жол тартуға дайын.


Ас болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий