четверг, 8 января 2015 г.

Тартар тұздығы. 2-нұсқа


Тартар тұздығының тағы бір нұсқасы. Алдында сәл қоюлау түрін жасаған болатынмын.

Құрамы:

  • Жұмыртқаның сарысы - 3 дана,
  • Қыша - 1-2 шай қасық,
  • Лимонның шырыны - 1 ас қасық,
  • Киеуіл немесе маринадталған корнишон - 1-2 ас қасық,
  • Зәйтүн майы - 4 ас қасық,
  • Тұз, қара бұрыш.


Жасалуы:

Піскен жұмыртқаның сарысын шанышқымен езіп, қышаны қосып араластырамыз.
Кийеуілді немесе корнишонды ұсақтап тураймыз.
Жұмыртқа мен қышаға лимон шырынын және зәйтүн майын құйып, араластырамыз.

Ең соңында кийеуілді/корнишонды саламыз. Кез келген тағамыңызға қосып, ұсынуыңызға болады.


Оқи отырыңыз:

Песто тұздығы
Кәдіден дәмтатым
Үй жағдайында балмұздақ жасау

Комментариев нет:

Отправить комментарий